Біздің салт-дәстүріміз дінмен еш уақытта қарама-қайшы келген емес

Фотография - Біздің салт-дәстүріміз дінмен еш уақытта қарама-қайшы келген емес

Қазіргі таңда біз діннің жетегінде бара жатқан жоқпыз, дінді өзімізге жетелегіміз келеді

164 0

Қазіргі таңда біз діннің жетегінде бара жатқан жоқпыз, дінді өзімізге жетелегіміз келеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгін Алматыда «Ізгілік жаршысы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты.

«Қазіргі таңда дінді түсінбеушілік көп. Бізге ақпараттар санамыздан бұрын тезірек келіп қалды да оны қорытып үлгермей қалдық, әсіресе, жастар. Пайғамбарымыз бұл мәселені бұдан 14 ғасыр бұрын айтып кетті. Өзінің Имам Бухариде келтірген хадис шарифінде - «дінді бұрмалаудан өте сақ болыңдар» дейді. Яғни, дінді бұрмаласа, қоғам бұзылады. Бірнеше пікір пайда болады», - деді бас мүфти Ержан қажы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының айтуынша, діндегі әр ағымның өзінің белгілі бір ойы бар. Олар оған діннің ішіндегі керек деген хадистер мен аяттарды алып, бұрмалап соған қарай жетелеп, осылай дінде көп нәрсе шектен шығып кетеді. Соның бірі салт-дәстүрге қарсы шығу болып отыр.

«Біздің салт-дәстүріміз дінмен еш уақытта қарама-қайшы келген емес. Сол туралы қазір кітаптар дайындап жатырмыз. Құдай қаласа, жақында жарық көреді. Осының бәрін қоғамға жеткізе білуіміз керек, әсіресе жастарға», - дейді Е. Малғажыұлы.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!