ШЫҰ қорғаныс министрлері Бішкекте жиналды

Фотография - ШЫҰ қорғаныс министрлері Бішкекте жиналды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше алты елдің қорғаныс министрлері бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте кездесу өткізіп жатыр

207 0

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше алты елдің қорғаныс министрлері бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте кездесу өткізіп жатыр. Кездесулердің алғашқы ақпараттарына қарағанда, министрлер келесі жылдың соңында Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері шығарылғаннан кейінгі әскери ынтымақтастықты күшейту мәселесін талқылап жатыр. 

Қырғызстан қорғаныс мниистрі Талайбек Өмірәлиев "қазіргі заманғы проблемалар мен қауіп-қатерлерге" қарсы тұру жолдарын талқылағанын айтады. Ресей шекара қызметінің басшысы Владимир Кулишов ол "қауіп-қатерлерге пробламалардың" қатарына терроризм, сепаратизм және экстремизмді, заңсыз есірткі айналымымен және трансшекаралық қылмыстық топтармен күресті қосады.

Министрлер жиын соңында 2014-2015 жылдарға арналған ынтымақтастықтың бірлескен жоспарын жария етпек.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!