Қазақ тарихы алтынмен жазылған

Фотография - Қазақ тарихы алтынмен жазылған

Тарихшыларымыз Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің ұлттық тарихты жаңаша зерделеу бастамасын теориялық тұрғыдан терең жоба ретінде бағалады. Бұл бастамаға кәсіби тарихшылармен бірге мемлекет және қоғам қайраткерлері де көптен үн қосуда. Соның бірі салмақты ойымен, салиқалы пікірімен қазақтың зәру сөзін айтып жүрген мәдениеттанушы Серік Ерғали.

183 0

Мемлекеттік хатшының айтуымен алдымызға зор міндет қойылды. Тапсырма берілді. Енді соны іске асыру, халықтың санасына сіңіру ендігі ұлтсүйер азаматтардың міндеті. Бұл ретте тарихшыларымызға, білім беру және мәдениет саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылатыны сөзсіз.

Қазіргі тарихшыларға ерен біліктілікпен бірге табанды азаматтық позиция керек. Көкейтесті мәселелерді ұлтшыл жігіттер бір-біріне ғана айтпай, жалпақ жұртшылыққа жариялауы, көпшіліктің құлағына сіңіруі қажет. Соны айтатын мінбер керек.

Бүгінге дейін қазақ даласынан 6 «Алтын адам» табылды. Әлі талай «Алтын адам» табылады. Ол әлі 16-20-ға жетуі мүмкін. Бұл өзгелердің тарихы «таспен», «қоламен» жазылса, қазақтың тарихы «алтынмен» жазылғанын көрсетеді. Жалпы, ұлтымыздың тарихын адамзат мәдениетінің бастауы болған 5 мың жылдық тарихы бар Ботай мұрасынан бастау керек. Көшпелілер руханиятының әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін баса көрсете білу керек...

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!