Жезөкшелер мен «жеңгетайларға» үйін жалға бергендерге жауапкершілік қатаяды

Фотография - Жезөкшелер мен «жеңгетайларға» үйін жалға бергендерге жауапкершілік қатаяды

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

467 0

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының мақсаты халықаралық құқықтық ережелерге сәйкес, адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы, осы саладағы қылмыстардан зардап шеккендердің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлігін жетілдіру болып табылады. Құжат арқылы Қылмыстық, Қылмыстық іс-жүргізу, Еңбек және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Бұдан бөлек, заң жобасы адам саудасына, кәмелетке толмағандарға қатысты жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзуына, жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін көрінеу үй-жайлар ұсынған меншік иесі мен жалға берушілерге, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар ұйымдастыру және оларды ұстауға байланысты қылмыстар үшін жауаптылықты күшейтуді көздейтін түзетулер енгізеді.

Сондай-ақ төтенше жағдайдың дәрігерлік-санитарлық салдарының туындау қаупі туралы - төтенше жағдай жөніндегі органдарды, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайы туралы - ішкі істер органдарын хабардар ету міндеттерін бұзғаны үшін денсаулық сақтау субъектілерін әкімшілік жауапқа тарту белгіленді.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!