29 маусымда «Болашақ» зауыты іске қосылады

Фотография - 29 маусымда «Болашақ» зауыты іске қосылады

 Бұл туралы Астана маңындағы жасыл белдеуді дамыту мәселелері жөніндегі дәстүрлі көшпелі жиын қорытындысы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

312 0

29 маусымда «Болашақ» зауыты іске қосылады. Бұл туралы Астана маңындағы жасыл белдеуді дамыту мәселелері жөніндегі дәстүрлі көшпелі жиын қорытындысы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қашағанда құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Бұл өте күрделі кен орны. 48 млрд доллар көлемінде қаржы жұмсалған. Бұл жерде 13 жыл бойы жұмыс істеп жатырмыз. 29 маусымда мен Атырауға барамын. Біз «Болашақ» зауытын іске қосатын боламыз. Оның алғашқы кірпішін 2006 жылы, осыдан 8 жыл бұрын қалаған болатынмын. Бұл зауытсыз мұнай алу мүмкін емес», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мұндағы мұнай осы зауытта тазартылады. Осыдан кейін ғана экспортқа шығарылмақ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!