Елімізде тағам құрамын қадағалайтын комитет құрылуы мүмкін

Фотография - Елімізде тағам құрамын қадағалайтын комитет құрылуы мүмкін

Орталық коммникациялар қызметі ұйымдастырған БАҚ өкілдерімен болған дәстүрлі брифингке келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай деп мәлімдеді.

230 0

Орталық коммникациялар қызметі ұйымдастырған БАҚ өкілдерімен болған дәстүрлі брифингке келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай деп мәлімдеді.

- Бәрімізге белгілі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Денсаулық сақтау министрлігінің құрамында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті және өз ведомствомызда Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерінің сапасын жан-жақтан бақылап, тексерумен айналысады. Біздің ойымызша осы ведомстволардың басын біріктіріп, ресейлік «Роспотребнадзор» мекемесі секілді құзырлы бір комитет құрған дұрыс. Құрылатын жаңа мекеме халық тұтынатын тауарлардың техникалық регламентін, сақталу мерзімі, құрамы, сапасы секілді жалпы сипаттамасын мұқият тексерумен айналысатын болады. Бұл жөнінде тиісті құзырлы органдарға ресми хат жолдадық, - деді министр.

Ерекше атап айтатынымыз, бұл қадам импортқа қарсы күресу тәсілі емес. Тек, тұтынушылардың құқын қорғай отырып, оларға дұрыс кеңес-көмек беру. Сонымен қатар, отандық өндірушілерге қолдау білдірудің бірден бір жолы деп ұғынған жөн, - дейді Асылжан Сарыбайұлы.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!