Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілді

Фотография - Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір функциялары жергілікті атқарушы органдарға берілді

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

237 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың өзара басқару өкілеттілігін бөлу мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңға енгізілген нормаға сәйкес, автомобиль арқылы жолаушылар мен жүктерді тұрақты түрде халықаралық және тұрақсыз түрде республикаішілік тасымалдау қызметін лицензиялау функциясы әкімдіктердің құзырына берілді.

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған көлік тасымалына лицензия беру үдерісі бүгінгі күні автоматтандырылғанын, «е-лицензщиялау» порталы және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріліп жатқанын айтып өту керек.

Сондай-ақ, әкімдіктердің құзырына тахографтарды орнату мен сол бойынша қызмет көрсетудің басталғаны туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау, такси тасымалы және аталған кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті тізілімін жүргізу қызметтері де берілді.

Мұның сыртында жергілікті атқарушы органдардың құзырына өңірлік қызмет көрсету шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кестесін келісу міндеті де берілді.

Бүгінгі күні әкімдіктер тіркелген көлік пен инфрақұрылымның саны туралы нақты және толық ақпаратқа ие. Бұл ақпарат көліктерді техникалық байқаудан өткізу үшін аса қажет. Сондықтан аталған қызметтерді әкімдіктердің құзырына беру аудандарда көліктерді техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру сапасын арттырмақ.

Бұдан басқа әкімдіктердің құзырына Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу жөніндегі халықаралық келісімнің нормаларына сай келетін техникалық байқаудан өткені туралы халықаралық сертификатты беру функциясы да беріліп отыр.

Жалпы алғанда, аталған функцияларды Көлік және коммуникация министрлігінен жергілікті атқарушы органның құзырына беру мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерісі мен уақытын айтарлықтай қысқартпақ.

Естеріңізге салып өтейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың өзара басқару құзыреттілігін бөлу мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң 2013 жылғы 24 маусымда өз күшіне енді.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!