Әр шыбықты күтіп, сындырмай өсірсек, болашақ ұрпаққа азық болады

Фотография - Әр шыбықты күтіп, сындырмай өсірсек, болашақ ұрпаққа азық болады

Бұл туралы Астана маңындағы жасыл белдеуді дамыту мәселелері жөніндегі дәстүрлі көшпелі жиын қорытындысы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

191 0

Әр шыбықты күтіп, сындырмай өсірсек, болашақ ұрпаққа азық болады. Бұл туралы Астана маңындағы жасыл белдеуді дамыту мәселелері жөніндегі дәстүрлі көшпелі жиын қорытындысы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Екінші мәселе Астананың орманын Көкшетаудың орманына қосу. Шортандыға дейін жеткіздік, жолдың жағасымен Шортандыдан Ақкөлге дейін барса, тұтас өңірде орман болады», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, орманға жануарлар жіберіліп, жидектер өсіріліп жатыр.

«Күзде адамдар шелек-шелек жидек жинайды. Жәндіктер, қояндар, құстар, еліктер әкелінді. Астананың төңірегінде таңғажайып ертегідегідей жағдай жасалып отыр. Осының барлығы адамдардың еңбегінің арқасында, орманшылардың қолымен істелді. Бұл жұмысты бүкіл Қазақстанға насихаттай беруіміз керек. Әр облыста «Жасыл ел» бағдарламасын жүргізуді жалғастыру керек. Әсіресе, жастарға айтатыным, әр шыбықты күтіп, әр шыбықты сақтап, сындырмай өсірсек, болашақ ұрпаққа, сендерге, сендердің балаларыңа, немерлеріңе үлкен азық болады. Елдің бақытына айналады. Кең-байтақ даламыз бар. Оның барлығы тек қана дала. Орман отырғыза берсек, жеріміз байи түседі», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!