Қазақстанға сырттан жеткізілетін құс еті регламенттерге сәйкес келмейді

Фотография - Қазақстанға сырттан жеткізілетін құс еті регламенттерге сәйкес келмейді

 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

164 0

Қазақстанға сырттан келетін құс еті техникалық регламенттерге сәйкес келмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Нарықта қандай да бір өнімді өндіріп қана қоймай, оны тиімді сата білу мәселесін алғашқы орындарға шығару керекпіз. Әсіресе, Кедендік одақ аясында, қазір қосылу үшін келіссөздер жүріп жатқан Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында біздің тауар өндірушілеріміз бәсекеден қалып қоймау керек. Ең алдымен айтарым, бізге келетін импорттың сапасы техникалық регламенттерге сай келмейді. Ондай тауарлар нарыққа көп келіп жатыр. Мысалы, қазір Қазақстандағы құс етінің 60 пайызы импорт. Біздің өндірісіміз қажеттіліктің тек 40 пайызын жауып отыр. Бірақ, сырттан келетін құс етінің техникалық регламенті мемлекеттік тілде жазылмаған, маркаланбаған болып келеді. Сапасы өте төмен. Тіпті, оған су қосып, салмағын көбейтіп, өзіндік құнын төмендетіп әкелетін фактілер жиі кездесіп отыр», - деген министр жақында өткізілген рейдтің арқасында біраз тәртіп бұзушылық анықталғанын атап өтті.

«Бұл адал бәсекелестікке қайшы келетін дүниелер. Осындай себептерге байланысты біздің тауар өндірушілердің бәсекеден қалып қоятын кездері болады. Біз жақында өзіміздің министрліктің бастамасы бойынша басқа да мүдделі органдардың қатысуымен рейд жүргіздік. Соның нәтижесінде біздегі құс етін шығаратын фабрикалардың саудасы 30 пайызға артты», - деді министр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!