Сенатор Ғ. Есім Үкіметтен «Қазақ елінің тарихы және философиясы» институтын құруды сұрайды

Фотография - Сенатор Ғ. Есім Үкіметтен «Қазақ елінің тарихы және философиясы» институтын құруды сұрайды

Астанада «Қазақ елінің тарихы және философиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылса игі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Ғарифолла Есім осылай мәлім етті.

168 0

Астанада «Қазақ елінің тарихы және философиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылса игі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Ғарифолла Есім осылай мәлім етті.

«Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясын айқындаған Жолдауында тұңғыш рет елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атайтын боламыз» деген түйін жасады. Жалпы Қазақ елінің тарихи санасын қалыптастыру - аса маңызды мемлекеттік деңгейде атқарылатын іс. Отандық тарихты зерделеу жөніндегі кеңесте Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин «уақыт тарих ғылымының алдында мүлдем жаңа талаптар қойып отырғанын» айтқан еді», - деді сенатор.

Сонымен қатар, Ғ. Есім тәуелсіздіктен бері Қазақ елі кешенін қалыптасып, Мәңгілік ел қағидасы орныққанына тоқталды.

«Осыған орай, Жолдауда айтылғандай «бір - ел, бір - халық» тұжырымы заман талабына сай зерделей алатын Астана қаласында жаңа ғылыми-зерттеу институтын құру қажеттілігі туып отыр. Тәуелсіз Қазақ елінің тарихы оқулығы жазылуы керек. Қазақ тарихы дүниетанымымен бірге өрілген. Сондықтан да, ғылыми-зерттеу институтын «Қазақ елінің тарихы және философиясы» деп аталса деген игі тілек білдіреміз», - деді депутат Ғ. Есім.

Осы ретте сенатор кезінде коммунистік-кеңестік идеологиялар аясында гуманитарлық-қоғамдық ғылыми зерттеу институттары мен орталықтарының заман талабына сай қажеттіліктерді қанағаттандыра алмай отырғанын атап өтті. «Қазақ елінің тарихы мен дүниетанымын пайымдауда тың көзқарас қалыптастыратын ғылыми-зерттеу институтын құру заман талабы», - дейді депутат.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!