Қазақстанда жолаушылар мен жүк тасымалын бақылау полицияға берілді

Фотография - Қазақстанда жолаушылар мен жүк тасымалын бақылау полицияға берілді

деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

175 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың өзара басқару өкілеттілігін бөлу мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңнамаға енгізілген нормаға сәйкес,  ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің бірқатар бақылау функциялары ҚР Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің құзырына берілді, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

«Заңға енгізілген аталған норма екі мемлекеттік орган қызметтерін өзара ажыратып, олардың республика жолдарында жүргізетін бақылау функцияларының қайталануына байланысты көрініс берген сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен. Ендігі жерде ҚР Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс тәртібінің сақталуын, автокөліктерде тахограф құралдарының болуын және оның жұмыс істеп тұруын, сондай-ақ, көлікке орнатылған отын құятын ыдыстың шығарушы зауыттың талаптарына сай болуын тексеретін болады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ҚР ІІМ қызметкерлері тасымалдаушылардың Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау туралы ережесі мен Лицензиялау жөніндегі ҚР заңнамасының сақталуын қадағалайды.

Сондай-ақ, тасымалдаушыларда халықаралық және облысаралық бағыттағы жолаушылар тасымалымен тұрақты түрде айналысуға берілетін рұқсатнаманың болуын тексеру, жолаушылар тасымалдарының көрсетілген бағытты, жүру кестесін сақтауын бақылау, жолаушылар мен жүктерді халықаралық бағытта тұрақсыз түрде тасымалдау барысында көліктегі жолаушылар тізімінің бар болуын тексереді.

Ал, Көліктік бақылау органдары өз кезегінде көлікке тиелген жүктердің салмақтық және габариттік параметрлерінің сақталуын, сондай-ақ шет елдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүруіне берілген рұқсатнаманың болуын тексереді.

Осы орайда ауыр жүк көліктерінің салмақ пен габариттік параметрлерін қозғалыс барысында өлшеуге мүмкіндік беретін арнайы автоматтандырылған жүйе енгізілуде. Бұл жүйе жүкті рұқсат етілген салмақ мөлшерінен артық тиеген жүк көліктерін ғана тоқтатуға және жол бойында жүк көліктерін себепсіз тексеруді болдырмауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Кедендік одаққа мүше елдердің құзырлы органдарымен өзара ақпарат алмасуы ұйымдастырылған.

Осылайша, Көліктік бақылау және Жол полициясы органдарының өкілеттілігін өзара ажырату жүргізілетін бақылаудың тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға, республикамыздағы автомобиль жолдары желілерін уақытынан бұрын бұзылудан сақтауға мүмкіндік береді.

ҚР ККМ Көліктік бақылау комитетінің бірқатар бақылау функцияларын ҚР ІІМ Жол полициясы комитетіне беруді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың өзара басқару өкілеттілігін бөлу мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң 2013 жылғы 24 маусымда өз күшіне енді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!