Әскери білім саласындағы қазақстан-румын ынтымақтастығы нығая түсті

Фотография - Әскери білім саласындағы қазақстан-румын ынтымақтастығы нығая түсті

Астанада Румыния Премьер-министрінің Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Румыния Ұлттық қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери кадрларды бірлесіп даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаев пен Румыния сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Богдан Ауреску қол қойды

262 0

Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлау және өзара әскери кадрлардың біліктілігін жетілдіру осы Келісімнің мақсаты болып табылады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі соңғы жылдар ішінде әскери білім мен әскери кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн. Мұнда әскери қызметшілерді шетелде даярлауға ерекше көңіл бөлініп келеді.

-​ Біздің елдеріміз арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық өз дамуының бастапқы кезеңін өткеруде. Бүгін біздің мемлекеттеріміз қорғаныс министрліктері арасындағы әскери кадрларды бірлесіп даярлау саласындағы келісміге қол қойылды. Бұл құжат біліктілік арттыру және әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру саласындағы біздің екіжақты ынтымақтастығымызды жандандыру жөніндегі қадамдардың бірі болмақ. Румыния Премьер-министрінің Қазақстанға тұңғыш ресми сапары біздің елдеріміздің көптеген салалардағы, соның ішінде әскери саладағы ынтымақтастығының жандана түсуі аясында айтарлықтай табысты болды, - деп ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаев атап өтті.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!