Алматыдағы алапат өрт кезінде келген шығынды «Helios» басшылығы өтейді

Фотография - Алматыдағы алапат өрт кезінде  келген шығынды «Helios» басшылығы өтейді

Бұл туралы шаһар жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

142 0

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Helios» компаниясының басшылығымен кездесіп, апаттың және компанияға тиесілі жағармай таситын көліктің жанып кетуінен жапа шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесін талқылады. Бұл туралы шаһар жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Helios» басшылығы алапат өрт кезінде мүліктеріне зақым келген барлық тұрғындарға шығындарын өтеуге уәде беріп отыр.

Еске сала кетейік, ірі жол апаты кеше сағат 10.00 шамасында орын алған. «Helios» компаниясына тиесілі жанармай таситын көлік ағашқа соғылды. Салдарынан бензин жерге жайылып, ол қызыл жалынға оранды. Өрттен Сейфуллин даңғылындағы №510 тұрғын үйдегі 20-ға жуық пәтер және тұраққа қаңтарылған бірнеше темір тұлпар зақымданды. Жанармай тасыған көліктің жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!