2030 жылы Қазақстанның су және жер ресурстары қайта қалпына келтіріледі

Фотография - 2030 жылы Қазақстанның су және жер ресурстары қайта қалпына келтіріледі

2030 жылы Қазақстанның су және жер ресурстары қайта қалпына келтіріледі.

285 0

2030 жылы Қазақстанның су және жер ресурстары қайта қалпына келтіріледі.

Бұл туралы бүгін елордада өткен форумда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Бізге жаңа экономиканы құру үшін жаңа мамандарды даярлап шығу қажет. Осылайша, біз 2030 жылға қарай Қазақстанның су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіреміз және табиғи капиталдарды тұтынудың тиімділігі жағынан Еуропалық одақтың деңгейіне жетеміз. 2030 жылға қарай Қазақстан зарарлы заттектердің атмосфераға шығарылуы саласындағы стандарттарды еуропалық деңгеймен теңестіріп, оны енгізу бойынша шараларды атқаруымыз шарт», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, жасыл жаңғыртудың негізінде ел экономикасы біршама оң нәтижелерге қол жеткізбек.

«2030 жылға қарай «жасыл экономика» саласында 400-ден 600 мыңға жуық бос жұмыс орны ашылады.2050 жылы «жасыл экономика» елдің ЖІӨ-не 3 пайыз қосып, дамудың қалыпты өсу моделіне қосымша серпін бермек», - деді ол сөз соңында.


Тегтер:

экология

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!