Еліміздің өңір басшылары ГФР-дің моноқалаларды дамыту тәжірибесімен танысты

Фотография - Еліміздің өңір басшылары ГФР-дің моноқалаларды дамыту тәжірибесімен танысты

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

222 0

Өңірлер арасындағы қазақ-герман ынтымақтастығын одан әрі дамыту шеңберінде ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық өңір басшыларының делегациясы биылғы жылдың 23-26 маусым аралығында жұмыс сапарымен Германияда болып қайтты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Делегация құрамына Қазақстанның көптеген өңірлерінен облыс, қала және аудан әкімдері мен әкім орынбасарлары кірді. Сапардың мақсаты – Тюрингия федералдық жеріндегі Ляйнфельде-Ворбис қаласының үлгісінде моноқалалардың дамуы мен қайта құрылуын зерделеу, сондай-ақ муниципалдық деңгейдегі өзара әрекеттесу, өзін-өзі басқару мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке негізделген озық формалар және тетіктермен тәжірибелік тұрғыдан танысу болды», - делінген хабарламада.

Қала басшысы Герд Райнхардтпен өткен келіссөздер барысында осындай сапарлар мен кездесулердің өңірлер арасындағы тұрақты кооперация және аймақтық даму саласында тәжірибе алмасу үшін жоғары дәрежедегі маңыздылығы айтылды.

Қазақстандық делегацияға ресурстарды үнемдеп сақтаудың заманауи нормалары, энергия тиімділігі талаптары және экологиялық стандарттар қолданысымен, сондай-ақ баламалы қуат көздерін кеңінен қолданысқа енгізу арқылы қаланың ескі аудандарын жаңарту жобасы паш етілді. Жаңа өндірістер құру, қызмет көрсету саласының кеңеюі мен жұмыс орындардың ашылу шеңберіндегі өңірлік экономика салаларын әртараптандыру мәселелеріне, сондай-ақ моноқалаларды реформалаудың құқықтық және қаржылық ерекшеліктеріне айтарлықтай назар аударылды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!