Шілдеде бірқатар өңірлерде коммуналдық тарифтер өзгереді

Фотография - Шілдеде бірқатар өңірлерде коммуналдық тарифтер өзгереді

Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев ведомствоның кезекті брифингінде мәлім етті.

201 0

Үстіміздегі жылғы шілдеде реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге тарифтер өзгереді.

Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев ведомствоның кезекті брифингінде мәлім етті.

Үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап осы қызметтерге тарифтер Қарағанды облысында ғана көтеріледі. «Қарағанды су» ЖШС үшін 2013-2015 жылдарға арналған үш жылға, тиісінше сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне 90% және 70%-ға өсіп тарифтердің шекті деңгейлері енгізілді. Бұдан басқа тарифке сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту мен жаңғыртуға арналған инвестициялық бағдарламаларды іске асыру әсер етеді», - деді А.Алпысбаев.

Осылайша, Қарағанды қаласының тұрғындары үшін тариф суға 1000 литрге 110,05 теңгені (57,92 теңге болды), кәрізге - 1000 литрге 81,22 теңгені (47,78 теңге болды) құрамақ.

Сонымен қатар өңірлердің бірқатарында (СҚО, ШҚО, ОҚО, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) уақытша өтемдік тарифтерді енгізумен байланысты тарифтердің елеусіз төмендеуі байқалады.

Егер Солтүстік Қазақстан облысында Ақжар ауданы «Талапкер» МКК халық үшін сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер 1000 литрге 75,91 теңге тарифпен 2,6%-ға төмендесе, Маңғыстау облысында «Қазатомөнеркәсіп МАЭК» ЖШС 1 адамға айына 1м3-тан астам тұтыну нормасымен тариф 68%-ға кеміді және 1000 литрге 153,05 теңгені құрады (92,84 теңге болды).

Халық үшін суды бұру қызметтеріне (кәріз) тарифтер Ақмола облысында: «Көкшетау Су Арнасы» МКК 1000 литрге 57,19 теңге тарифпен 2%-ға (58,13 теңге болды), «Бурабай Су Арнасы» МКК 1000 литрге 90,74 теңге тарифпен 3%-ға (92,84 теңге болды) төмендеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында: Мақтарал ауданы «Тойжан» СПКВ тарифі 1 %-ға төмендейді және 1000 литрге 90 тиынды құрайды (92 тиын болды), Мақтарал ауданы «Мұрат» СПКВ тарифі 7 %-ға төмендейді және 1000 литрге 98 тиынды құрайды (1,04 теңге болды).

ТМРА төрағасының орынбасары атап өткеніндей, үстіміздегі жылғы шілдеде электр энергиясымен жабдықтау және жылумен жабдықтау және жаңар-жағармай сияқты реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге республика бойынша тарифтер көтерілмейді.


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!