«ҚазАгро» мал шаруашылығына қатысты 162 жобаны жүзеге асырмақ

Фотография - «ҚазАгро» мал шаруашылығына қатысты 162 жобаны жүзеге асырмақ

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы Холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған 162 жоба бар. Бұл жобалардың жиынтық құны 135,8 млрд. теңгені құрайды. 

189 0

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы Холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған 162 жоба бар. Бұл жобалардың жиынтық құны 135,8 млрд. теңгені құрайды. 

Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Махажановтың айтуынша, 25 жоба (29,1 млрд. теңгенің) сүт өндіру саласындағы жобалар, жалпы өндірістік қуаты 134 мың тонна болады, өндірісінің жиынтық көлемі 68 мың тонналық ет бағытындағы 10 құс фабрикасы (26,8 млрд. теңгеге) және жылына 600 (595,8) млн. дана жұмыртқа шығаратын 11 жоба (4,5 млрд. теңгеге) қаржыландырылады.

Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту шеңберінде өткен жылы Холдингпен 8,7 мың бас жылқы мен 123,8 мың бас ұсақ қой-ешкі малдарын сатып алуға 4 000-нан астам шаруашылық қаржыландырылған еді.

Несие ресурстары жабдықтар мен техникаларды сатып алуға, дәнді дақылдарды өңдеу және жайылымдарды жақсарту үшін айналым қаражатын алуға, құрама жем зауыттарын құруға және басқаларға берілді.

Бұдан басқа, Холдинг жем-шөп жинайтын және жем-шөп азықтарын дайындайтын ауылшаруашылық техникаларын лизингке беруді қаржыландырады. Үстіміздегі жылы шалғайдағы учаскелерді баламалы қуат көзімен қамтамасыз ететін жел құрылғыларының лизингтік бағдарламасы да іске қосылды.

Холдинг мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 19 жобаның іске асырылуын қаржыландыруда (10,9 млрд. теңгеге), соның ішіндегі 15 жоба 27 мың тонна етті қайта өңдеу бойынша, 4 жоба 18,1 мың тонна сүтті өңдеу бойынша.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 3,2 млрд. теңге шамасындағы қаражат экспортқа бағдарланған өнім алу үшін былғары шикізаты мен жүнді сатып алуға және қайта өңдеуге бағытталатын болады, бұл өткен жылғы қолдау көлемінен шамамен 5 есеге артық.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде сүт өнімдеріне импортқа тәуелділік 16%-ға, құс етіне 52%-ға төмендейді, жем-шөп өндіру және дайындау үшін қажет ауылшаруашылық техникасымен фермерлерді қамтамасыз ету жақсарады, былғары шикізаты мен жүннің экспортқа бағдарланған қайта өңделген өнімдерінің өндірісі дами түседі.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!