Оңтүстікте астыққа орақ түсті...

Фотография - Оңтүстікте астыққа орақ түсті...

Қазығұрттың шаруалары жаздық бидайды жинауға кірісті

198 0

Қазығұрттың шаруалары жаздық бидайды жинауға кірісті. Қазірдің өзінде астық қамбалары бидайға тола бастаған. Өңіріміздің шаруалары былтырғыдай құрғақшылық орын алмаса әр гектардан 20-25 центнерден өнім аламыз деп үміттеніп отыр.

Бүгін олар «Айқожа» Өндірістік кооперативіне барып, астық түсімін көзімен көрді. Астыққа орақ түскеніне 4 күннің жүзі енді болса да, өімнің шығымдылығы шаруалар жағын қуантып тастады. Сабақ бидайға толы дейді ағынан жарыла. Күн де қарасып тұр. Әйтпесе, өткен жылғы қуаңшылық өңірдің жұртын әбден абыржытып тастап еді.

Сағидулла БАТЫРБАЙ, «Айқожа» ӨК төрағасы: «Өткен жылы өте құрғақшылық жыл болды. Жалпы Қазақстан бойынша құрғақшылық жыл болды. Бірақ соның өзінде бізде өзіне лайық өнім болды. Өткен жылы 18 центнерден өнім алды осы шаруашылық. Жалпы өзіміздің қарамағымыздағы мүшелердің барлығына тегін ұнмен, басқа да заттармен қамтамасыз еттік».

«Айқожа» ӨК-гі шаруалардың болжауынша, бұйыртса, әр гектардан 25 центнерден астық алынбақ. Жалпы, облыс бойынша биылғы бидай түсімін 360 тоннаға жеткізу межесі тұр. Жоспар орындалса, өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2 есеге жететін болады. Оған мүмкіндік бар. Өйткені, Оңтүстіктегі 183 мың гектар алқапқа биыл дәнді дақыл егілген.

Берік ОСПАНОВ, облыс әкімінің бірінші орынбасары: «Биылғы күтіліп жатқан нәтиже әр алқаптан орташа 20 центнерден күтіп отымыз біз. Қазіргі таңда облыста 2 мың гектардың көлемінде өнімдер алынды. Жалпы шығымы шамамен 22 центнерден болып жатыр. Енді әрі қарай көбейеді деп жоспарлап отырмыз».

Шаруалар үшін биылғы жаңалық гербициттер үшін қосымша субсидияның берілгені болып отыр. Тыңайтқыш пен жанармай да уақытында жеткізіліпті, биліктің айтуынша. Астық оратын техниканың да қарасы айтарлықтай көбейген. Қазығұрттағы бидайды ору үшін жаңадан 40 техника берілсе, облыс бойынша оның саны 200 -ге жетіпті. Осындай көптеп қолдаудың арқасында 1-,1,5 айдың ішінде астықты төкпей-шашпай жиып аламыз дейді шаруалар.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!