Ақмола облысында тұңғыш рет аудан әкімі қызметіне нәзік жан тағайындалды

Фотография - Ақмола облысында тұңғыш рет аудан әкімі қызметіне нәзік жан тағайындалды

 Бұл туралы өңір жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарланды.

683 0

Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың өкімімен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Шортанды ауданының әкімі қызметіне Гүлнұр Сәдуақасова тағайындалды.

Бұл туралы өңір жетекшісінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Гүлнұр Сәдуақасова 1970 жылы дүниеге келген. ҚСРО 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтында «тәрбие жұмыстарының педагогикасы және әдістемесі» мамандығын, Көкшетау экономика және менеджмент институтында «мемлекеттік және жергілікті басқару» кәсібін меңгерді.

Оның алғашқы еңбек жолы 1991 жылы Степногорск қаласының Заводской кентіндегі орта мектепте директордың тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарынан басталған. Әр түрлі жылдары тәрбие жұмыстары бойынша әдіскер, ақпараттандыру және жаңа технологиялар орталығының жетекшісі, Степногорск білім беру бөлімі бастығының орынбасары, кейін басшысы ретінде қызмет атқарды.

Сонымен қатар, бұған дейін Сандықтаудың тізгінін ұстаған Қанат Сүйіндіков енді Жақсы ауданының әкімі болды. Ал, қалған бірнеше аудан басшылары облыс әкімінің өкімімен қайта тағайындалды.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!