ШҚО-да 4 ауданның әкімі ауысты

Фотография - ШҚО-да 4 ауданның әкімі ауысты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудан аппаратының қызметкерлеріне жаңадан тағайындалған 4 әкімді таныстырды.

196 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудан аппаратының қызметкерлеріне жаңадан тағайындалған 4 әкімді таныстырды.

Үржар ауданының жаңа әкімі болып Серік Зайнуллин тағайындалды. Серік Зайнулдин еңбек жолын Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» ұжымшарында зоотехник болып бастады. Кейін ауданның ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2004 -2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарса, 2007 - 2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі болды. 2010 жылдан Зайсан ауданының әкімі қызметін атқарды.

Тарбағатай ауданының әкімі болып Ділдәбек Оразбаев тағайындалды. Бұған дейін Ділдәбек Тәжібайұлы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Востокводхоз» кәсіпорнына жетекшілік етті.

Ал Зайсан ауданының әкімі қызметіне бұрын Шығыс Қазақстан облыстық энергетика мен коммуналды шаруашылық басқармасының бастығы болған Алмас Аманқолұлы Оңдақанов тағайындалды. Алмас Аманқолұлы еңбек жолын Тарбағатай ауданы тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің инспекторы ретінде бастаған.

Аягөз ауданын Нұрғалиев Нұрбол Жолдаспекұлы басқарады. М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін бастауыш сыныптарда сабақ беру мамандығы бойынша бітірген; Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және несие», мамандығы бойынша бітірген, экономист-қаржыгер; Қазақ гуманитарлық-заңгерлік инновациялық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген, заңгер.

Еңбек жолын 1994 жылы Жарма ауданында орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. «Семей полиграфия» ААҚ маркетинг бойынша менеджер, коммерциялық директоры, Жарма ауданындағы «Алтын Дән» шаруа қожалығының басшысы, Семей қаласы өнеркәсіп, көлік және байланыс Комитетінің маманы, Семей қаласындағы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде түрлі лауазымдарда, ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бас маман, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасында бастық орынбасары, Семей қаласы әкімінің орынбасары болған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!