Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырауға келді

Фотография - Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Атырауға келді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырауға келді.

229 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырауға келді.

Бүгін Елбасы салынып жатқан «Шеврон Тексако» құбыр жүргізуші арматура шығаратын зауытына барады деп жоспарлануда. Түстен кейін Атырауға Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон келеді деп күтілуде. Бұл Қазақстан мен Ұлыбританияның екіжақты қарым-қатынастары тарихындағы британдық үкімет басшысының біздің елімізге және жалпы Орталық Азия аймағына жасаған алғашқы сапары болмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон Қашаған кен орнынан келіп түсетін мұнайды тазалау жүргізілетін «Болашақ» зауытына баруды жоспарлап отыр. Атырауға оралған соң, Елбасы мен Ұлыбритания Премьер-министрі қазақстандық-британдық экономикалық форумына қатысуы тиіс.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!