Қазақстан азаматшасы төрт баласымен Сириядан көшіріліп әкелінді

Фотография - Қазақстан азаматшасы төрт баласымен Сириядан көшіріліп әкелінді

деп хабарлады Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінен.

147 0

Сирияның Дейр-аз-Зор провинциясындағы Маядин қаласынан Қазақстан азаматшасы Елена Потапова кәмелетке толмаған төрт баласымен бірге эвакуацияланды, деп хабарлады Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінен.

Қазақстандық дипломаттардың хабарлауынша, Сириядағы отандастарымыздың жай-күйі мұқият қадағаланып отыр, аталмыш елде 40-қа жуық ҚР азаматы қалуда.

ҚР азаматтарын қауіпті аймақтардан көшіру және отанына қайтару мәселесін ҚР Сыртқы істер министрлігі басшылығымен қазақстандық дипломатиялық өкілдіктері бақылауда ұстап отыр. Отанына оралатын қазақстандық азаматтар үшін әуе билеттері арнайы белгіленген үкіметтік бюджеттік бағдарлама есебінен жүзеге асырылады.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!