Д.Кэмерон: Қазақстанға келерден бұрын «Боратты» көргенім рас

Фотография - Д.Кэмерон: Қазақстанға келерден бұрын «Боратты» көргенім рас

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға ұшып келерден бірнеше сағат бұрын «Борат» комедиясын көргендігін мойындады

118 0

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға ұшып келерден бірнеше сағат бұрын «Борат» комедиясын көргендігін мойындады, деп хабарлайды The Mirror.

2006 жылы түсірілген фильмде қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің басынан өткендері туралы баяндалады. Басты рөлді британдық сайқымазақ Саша Барон Коэн сомдаған. Ол Америка құрама штаттарында саяхаттап жүріп, әртүрлі адамдармен тілдеседі. Британдық басылымның хабарлауынша, бұл фильм Қазақстанда қатаң сынға ұшырады.

«Менің бұл фильмді көргенім рас, алайда одан бері бірталай уақыт өтті», - дейді Кэмерон. Бұған қоса, британ басшысы фильм туралы өз пікірін білдірген жоқ. Мұның орнына ол Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың баяндамасына сілтеме жасады.

«Маған Сыртқы істер министрінің: Сталиннің заманын да бастан өткердік, оның алдында бұл не тәйірі» деген сөзі қатты ұнады», - дейді Кэмерон.

Естеріңізге саламыз, британдық премьер-министр Қазақстанға мемлекеттік мәселемен келді. Ол Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен 30 маусым күні Атырауда кездесті. Кездесу аясында екі ел басшылары Атырау облысында «Болашақ» мұнай дайындау зауытының ашылу салтанатына қатысады және Қашаған кен орнын бірлесіп қарайды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!