Елбасы Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру дәстүрлi рәсіміне қатысады

Фотография - Елбасы Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру дәстүрлi рәсіміне қатысады

4 шілде күні Елбасы Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру дәстүрлi рәсіміне қатысады

140 0

4 шілде күні Елбасы Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру дәстүрлi рәсіміне қатысады.

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.

"4 шілде күні Елбасы Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру дәстүрлi рәсіміне қатысады және Президент елдiң жоғары әскери оқу орындарының ең үздік түлектеріне офицер шендерін табыс етеді", - дедi ол.

А.Әбибуллаевтың айтуынша, 4 шілде күні Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» президенттік спорт клубының тұсаукесеріне қатысады. Клуб 2012 жылдың желтоқсан айында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен құрылған болатын. Клуб құрамына 9 әлемдiк деңгейдегi спорт тобы, атап айтар болсақ: "Астана" велокомандасы, "Астана Арланс" боксшылар тобы, "Astana Dakar Team" командасы, "Барыс" хоккей клубы, "Қазақстан барысы", Илья Ильин мен Денис Тен жеке спорттық жобалары қосылған.

Сонымен қатар 5 шiлдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысып, сөз сөйлейдi деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!