Ерлан Ыдырысов апта соңында АҚШ-қа аттанбақ

Фотография - Ерлан Ыдырысов апта соңында АҚШ-қа аттанбақ

Аптаның соңғы күнінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов тұңғыш рет ресми іссапармен АҚШ-қа аттанбақ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Алтай Әбибуллев мәлімдеді

185 0

Аптаның соңғы күнінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов тұңғыш рет ресми іссапармен АҚШ-қа аттанбақ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Алтай Әбибуллев мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz .

- Біздің елдің Сыртқы істер министрі Вашнигтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Кэрримен және Президент әкімшілігі, сонымен қатар, Конгресс өкілдерімен кездесіп, бірқатар келіссөздер өткізеді. Олардың басты назарында екіжақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелер кеңінен талқыланады. Күн тәртібіне халықаралық және аймақтық мәселелер төңірегінде де пікір алмасады деп күтілуде. Бұл ретте әрине, ең алдымен Ауғанстандағы ахуал, аймақтағы қауіпсіздік мәселесі және әскери күштердің Ауғанстаннан шығарылғаннан кейінгі жергілікті өңірдегі қауіпсіздік тақырыбы кеңінен сөз болмақ, - деді реми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы хат жолдап, осы мәселе төңірегінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара ынтымақтастықтың қазіргі күйі мен болашағы жайында өз ойын ашық білдірген болатын.

Вашингтонға сапары аясында сыртқы саяси ведомство басшылары Ерлан Ыдырысов пен Джон Кэрри Қазақстан мен Амерка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның Екінші отырысын өткізеді. Сонымен қатар, Ерлан Ыдырысов америкалық іскер топтар мен сарапшылардың спикерлік етуімен өткізілетін шараларға қатысу да көзделген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!