Ертең Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы

Фотография - Ертең Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 2 шілде күні ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Екпінді жел соғып, кей жерлерде дауылдап, шаң көтерілуі ықтимал

241 0

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 2 шілде күні ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Екпінді жел соғып, кей жерлерде дауылдап, шаң көтерілуі ықтимал.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында шаң аралас дауыл соғуы ықтимал.

Жамбыл, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, күндіз Маңғыстау облыстарында да желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, түнде кей жерлерде тұман болады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше жоғары өрт қаупі төнуі мүмкін.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтілуде. Қазақстан территориясының жазық өңіріндегі өзендердің гидрологиялық режімінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!