Ақтөбе облысы Шалқар ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Фотография - Ақтөбе облысы Шалқар ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Шалқар ауданының әкімі болып 32 жастағы Ербол Данағұлов тағайындалды

496 0

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Шалқар ауданының әкімі болып 32 жастағы Ербол Данағұлов тағайындалды.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ербол Данағұлов мамандығы бойынша экономист-есепші, заңгер. Оның еңбек жолы 2003 жылы Шалқар ауданы әкімдігінің аппараты әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы қызметінен басталды. Әр түрлі жылдары Шалқар ауданы әкімі аппараты жинақтау-сараптау бөлімінің жетекшісі, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары, кейін қала басшысы қызметтерін атқарды.

2012 жылдың желтоқсанынан Мұғалжар ауданын басқарды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!