«Эйр Астананың» алғашқы басыбайлы ұшағы құрастырылып бітуге жақындады

Фотография - «Эйр Астананың» алғашқы басыбайлы ұшағы құрастырылып бітуге жақындады

АҚШ-тың Вашингтон штаты Эверетт қаласындағы Boeing концернінің құрастыру зауытында «Эйр Астана» әуекомпаниясының алғашқы басыбайлы Boeing 767 әуелайнерін құрастырудың соңғы  жұмыстары жүргізілуде

337 0

АҚШ-тың Вашингтон штаты Эверетт қаласындағы Boeing концернінің құрастыру зауытында «Эйр Астана» әуекомпаниясының алғашқы басыбайлы Boeing 767 әуелайнерін құрастырудың соңғы  жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Таяу арада шассиді монтождау, авиациялық құралдарды орнату және салонды қаптау жұмыстары аяқталады. Құрастыру аяқталған соң лайнерді жерде және әуеге көтеру секілді сынақ кезеңі басталады», -  деп көрсетілген хабарламада.

Бұл ұшақ ұлттық әуе тасымалдаушының  Boeing концернінен сатып алған алты әуе кемесінің бірі. 2012 жылы «Эйр Астана» компаниясы үш Boeing 767 ұшағын сатып алды, олар 2013- 2014 жылдары елге жеткізілуі керек. Сондай-ақ қалған үш Boeing 787 лайнерлері 2017-2019 жылдары әкелінеді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы алғашқы басыбайлы Boeing 767 ұшағы биыл күзде қолына тиеді деп күтілуде.

Қазіргі уақытта «Эйр Астана» әуекомпаниясының паркінде пайдаланудағы 26 ұшағы бар. Оның екеуі Boeing 767-300, бесеуі Boeing 757-200, 12 Airbus тобының ұшағы және жеті Embraer 190 ұшағы бар.

2013 маусым айында «Эйр Астана» Skytrax агентігінің рейтингісіндегі 4 жұлдызға лайық екендігін дәлелдеді. Сондай-ақ «Үндістан мен Орта Азиядағы үздік әуекомпания» аталды. Ұлттық әуетасымалдаушы «Үндістан мен Орта Азиядағы үздік қызмет» сыйлығына ие болды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!