Байқоңырдағы апатқа қатысты комиссия құрылды

Фотография - Байқоңырдағы апатқа қатысты комиссия құрылды

 Бұл туралы Ресейдің "Роскосмос" агенттігі ресми сайтында хабарлады. Комиссияға агенттік басшысының орынбасары Александр Лопатин жетекшілік етеді.

185 0

Байқоңырда ресейлік "Протон" зымыран тасығышының ұшырылым кезінде апатқа ұшырауын тексеретін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Ресейдің "Роскосмос" агенттігі ресми сайтында хабарлады. Комиссияға агенттік басшысының орынбасары Александр Лопатин жетекшілік етеді.

Бүгін, 2 шілдеде Астана уақытымен таңғы сағат 8:39 шамасында Байқоңырдан ұшырылған "Протон" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң 10-15 секундтан кейін төмен қарай құлдилап, жарылып кеткен еді.

Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігі құрылғы "Байқоңыр" космодромы аймағында құлағанын, қоршаған ортаға зымыран отынының жайылғанын хабарлады. Апат орнына арнайы топ жіберілген. Ресей жағының мәліметі бойынша адам шығыны болмаған.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!