Байқоңыр аумағында құрамында гептил бар улы бұлт түзілді

Фотография - Байқоңыр аумағында құрамында гептил бар улы бұлт түзілді

Бұл туралы баспасөз мәжілісі кезінде ТЖ министрі Владимир Божко мәлім етті.

289 0

Байқоңыр аумағында құрамында гептил – жоғарытоксинді зымыран отыны бар улы бұлт түзілді. Бұл туралы баспасөз мәжілісі кезінде ТЖ министрі Владимир Божко мәлім етті.

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 8:38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыраны ұшырылып, ол 10 секундтан кейін ұшқан жерінен 2-3 км қашықтықта апатты жағдайда жерге құлады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апат бірінші сатылы қозғалтқыштың істен шығуынан орын алды, салдарынан отын тұтанып, оның белгілі бір бөлігі жерге төгіліп, ары қарай жана бастаған. Отын құрамында бисимметриялы диметилгидразин, гептил мен оған сәйкес тотықтырғыш бар. Зымыранға 172 тонна тотыққан гептил құйылған. Қазіргі уақытта ғарыш айлағы аумағында гептилдің жануынан түтінді бұлт түзілді. «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, солтүстіктен соққан жел жылдамдығы 2-6 м/с құрайды, соның негізінде бұлт полигонға қарай жылжуы мүмкін», – деді Божко.

Оның айтуынша, қазір ғарыш айлағы аумағында Ресей күштері химиялық қорғаныстың 3 бекетін құрған. Олар бақылауды күшейту бойынша іс-шаралар қолданып жатыр. Оған сәйкес, қазақстандық тарап та шара қолданып, басқарушы билік органдары, мүдделі мемлекеттік құралымдар, ҚОҚМ мен Қазғарыш күштері жұмылдырылуда.

«Ғарыш айлағымен шектесіп жатқан аумаққа болған оқиғаның қандайда бір әсерін бағалау қиын, соған қарамастан полигон сыртындағы экологиялық жағдайды бақылауды күшейтіп, жарылыстың қандайда бір белгілерін жіті қадағалау керек деп есептеймін», - деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең, Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жерсеріктерін таситын «Протон-М» зымыраны жерге құлап, жарылған болатын.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!