Мұсабаев: "Протон" апаты - "Роскосмостың" ішкі ісі

Фотография - Мұсабаев: "Протон" апаты - "Роскосмостың" ішкі ісі

 Бұл туралы ол бүгін өткен брифингте мәлімдеді.

189 0

"Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев ресейлік "Протон" зымыранының апатқа ұшырауын Ресейдің "Роскосмос" агенттігінің ішкі шаруасы деп атады. Бұл туралы ол бүгін өткен брифингте мәлімдеді.

"Құқықтық жағынан келсек, зымыранның құлауы - апат емес. Себебі зымыран Ресейдің Қазақстаннан жалға алған территориясында құлап отыр. Зымыран бөлшектері Байқоңырдағы 81 және 200 алаңдарының арасына құлаған. Бұл "Роскосмостың" ішкі ісі" деді Мұсабаев.

Бүгін таңертең Байқоңырдан ұшырылған "Протон" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң 10-15 секундтан кейін төмен қарай құлдилап, жарылып кеткен еді. Жарылыстан соң қоршаған ортаға зымыран отыны жайылған.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!