Қызылорда облысында екі ауданның әкімдері жаңарды

Фотография - Қызылорда облысында екі ауданның әкімдері жаңарды

Қызылорда облысы әкімінің өкіміне сай, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың келісімімен аймақтағы екі ауданның әкімі өзгерді

169 0

Қызылорда облысы әкімінің өкіміне сай, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың келісімімен аймақтағы екі ауданның әкімі өзгерді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осыған сәйкес, Қармақшы ауданының әкімі болып Шамұратов Нәжмадин Шәкизадаұлы тағайындалды. Ол 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында инженер-гидротехник, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде заңгер, Алматы қаласындағы «Қайнар» университетінде экономист мамандықтары бойынша бітірген. Бұған дейін облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Сырдария ауданының әкімі болып Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды. Ол 1960 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін мұнай-газ кен орындарын өңдеу мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылдан «Kazpetrol Group» ЖШС-нің атқарушы директоры қызметін атқарып келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!