Елордада ауған соғысы ардагерлері бас қосты

Фотография - Елордада ауған соғысы ардагерлері бас қосты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахытбек Смағұлдың жетекшілігімен Ауғанстан соғысы Ардагерлері ұйымының облыстардағы төрағалары Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына орай және «ҚР Ардагерлері туралы» Заң жобасын талқылау үшін бас қосты

1093 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахытбек Смағұлдың жетекшілігімен Ауғанстан соғысы Ардагерлері ұйымының облыстардағы төрағалары Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына орай және «ҚР Ардагерлері туралы» Заң жобасын талқылау үшін бас қосты. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Дөңгелек үстелді «Қазақстан Ардагерлері» Қауымдастығы төрағасының орынбасары Сәкен Маханбетов жүргізіп, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ауған соғысының ардагерлері Бақытжан Ертаев пен Бахытбек Смағұл беташар сөзбен бастады.

Қазақстан Республикасының Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» Қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Қауымдастықтың Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындай отырып, мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы және гүлденуіне өздерінің белсенді үлесін қосуда.

Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауын басшылыққа ала отырып, Ардагерлер Қауымдастығы қазіргі және болашақтағы Отан қорғаушылардың бойына патриоттық рух, мақтаныш сезім және елдің тарихы мен дәстүрлерін құрметтеуді сіңіруге бағытталған жобаларды іске асырып келеді. Жастарды мемлекеттік рәміздер мен мелекеттік тілге деген сүйіспеншілікке саналы түрде тәрбиелей отырып, Мемлекеттік сана қалыптастыруда бүгінгі таңда олар үшін тәлім-тәрбиеге бағыт-бағдар бола алады.

Жауынгер-интернационалистердің өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлкен үлестерін ескере отырып, және Қазақстандық Патриотизм Тұжырымдамасын пысықтау үшін, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ауғанстан соғысы Ардагерлері ұйымының облыстық төрағаларының ҚР Парламент Мәжілісінің ғимаратындағы тұңғыш басқосуына Парламент Мәжілісінің депутаттары, салалық министрліктердің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде Білім және ғылым министрінің орынбасары Мұрат Әбенов, Ауғанстан соғысы Ардагерлерінің Астана бөлімшесінің төрағасы Қайрат Ерубаев, Алматы бөлімшесінің төрағасы Мұрат Әбдішуақов, Қарағанды бөлімшесінің төрағасы Амангелді Жантасовтар сөз алып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызына тоқталып, нақты тарихи тәлімдер мен нақты тұлғалар ерліктерінің үлгісінде жүргізуді ұсынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!