Бүгін Қазақстан Магниткасының дүниеге келген күні

Фотография - Бүгін Қазақстан Магниткасының дүниеге келген күні

Бүгін Қазақстан Магниткасында еліміздің тұңғыш шойыны алынғанына 53 жыл толды. Дәл осы күні Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды

897 0

Бүгін Қазақстан Магниткасында еліміздің тұңғыш шойыны алынғанына 53 жыл толды. Дәл осы күні Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды. Бұл күн Қазақстан Магниткасының дүниеге келген күні болып саналады.

Қазақстан Магниткасы зауытының құрылысы 1950 жылы басталған еді. Көлемі 1513 м3 алғашқы домна пешін салу 1957 жылы желтоқсанда қолға алынды. 1958 жылы БЛКЖО XIII-съезінде Қазақстан магниткасын салу Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. 1960 жылы 3 шілдеде № 1 домна пеші, тұңғыш шойын қорытты, қарашада 2 кокс батареясы пайдалануға берілді, 30 желтоқсанда қазақстандық алғашқы кокс алынды.

Бұл зауытта ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастады. Ол осында 1973-77 жылы партком хатшысы болып істеген жылдары комбинатпен қаланың тиісті дәрежеде дамымай артта калған әлеуметтік инфрақұрылымын КОКП ОК хатшылығында арнайы мәселе етіп көтеріп, ОК арнайы қаулысын, орталық органдардың басқа да шешімдерін қабылдатты. Комбинат директоры О. И. Тищенко, облыс басшыларымен бірге артта калған комбинатты алдыңғы қатарға қосуға үлкен үлес қосты. Комбинатта 1980 жылдары 41 мыңнан аса адам еңбек етті. 6 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Қазіргі уақытта Теміртаудағы бұл зауытты «Испат-Интернешнл» компаниясы басқаруда. 1995 жылы «Испат-Қармет» (қазіргі «Миттал-Стил Теміртау») ААҚ құрынып, металлургия алыбының 90 жылдары тоқтап қалған біршама жұмыстары ретке келтірілді. Қолға алынған шаралар нәтижесінде сұйық болат өндіру 5,1 млн тоннаға дейін, дайын прокат өндіру 2,2 млн тоннадан 3,9 млн тоннаға дейін өсті. Стратегиялық мақсат ретінде темір рудасын фосфорсыздандыру, кенді байыту, көмір өндірегін қуатты жабдықтар шығару, Атансор кенішінің қуатын арттыруға инвестициялар салынып отыр.

Теміртаудағы бұл зауыт қазіргі уақытта Қарағанды облысының еліміздің өндірістік локомативі атануына өзінің зор үлесін қосуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!