Мәжіліс депутаттары теміртаулық сайлаушылармен жүздесті

Фотография - Мәжіліс депутаттары теміртаулық сайлаушылармен жүздесті

 Мәжіліс депутаттары Андрей Бегенеев пен Роман Ким парламенттік каникулды теміртаулық сайлаушылармен кездесуден бастады.

114 0

 Мәжіліс депутаттары Андрей Бегенеев пен Роман Ким парламенттік каникулды теміртаулық сайлаушылармен кездесуден бастады.

Жұртшылықпен жүздесудегі басты мақсат Елбасының зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы Қазақстан халқына жасаған үндеуін қолдау және түсіндіру болып табылады.


Шара аясында Мәжіліс депутаттары өз кездесулерін Теміртаудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған тарихи-мәдени орталықтан бастады. Сонымен бірге парламентшілер қалалық балалар ауруханасында, көгалдандырумен айналысатын «Кедр» өндіріс орталығында болып, нысандардың тыныс- тіршілігімен танысты. Қаланың жаңа жылыту маусымына әзірлігіне байланысты ашылғанына 15 жыл толып отырған «Оқжетпес» коммуналдық кәсіпорнында болған халық қалаулылары, онда мекеме жұмысшылармен жүздесті. Әңгіме өрбітіп, пікір алмасты.

Бұдан бөлек, мәжілісмендер «Арселор Миттал Теміртау» өндіріс ошағында жақында болған апатқа байланысты жағдаймен танысып, еңбекшілермен кездесті. Осындай жұртшылықпен жүздесулер барысында депутаттар Парламенттің заң шығару жұмысы жайлы әңгімелеп, екінші сессияның қорытындысынан ақпараттар берді. Алдағы жоспарларымен де бөлісті.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!