Б. Байбек Қытай компартиясы делегациясымен кездесті

Фотография - Б. Байбек Қытай компартиясы делегациясымен кездесті

Бүгін елордада «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қытай коммунистік партиясының бюро мүшесі, ҚПК ОК Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Чжао Лэцзи бастаған делегациямен кездесті

243 0

Бүгін елордада «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қытай коммунистік партиясының бюро мүшесі, ҚПК ОК Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Чжао Лэцзи бастаған делегациямен кездесті.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында партияаралық әріптестік мәселелері талқыланды. «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қытай мен Қазақстанның дәстүрлі ынтымақтастығын ерекше атап, оған екі халықтың достығы мен екі партия көшбасшыларының сенімді қарым-қатынасы негіз болғандығын айтты.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы 20 жылдан астам уақытқа созылған 2 жақтық дипломатиялық қарым-қатынас стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілді.

«Нұр Отан» мен Қытай Коммунистік партияларының ынтымақтастығын одан әрі нығайту және тереңдету екі ел арасындағы тату көршілік байланысты дамытуда маңызды рөл атқаратын болады. Қытай коммунистік партиясы делегациясының жоғары деңгейі «Нұр Отан» партиясымен әріптестікке қытайлықтардың аса мән беретіндігін дәлелдесе керек», - деді Б.Байбек.

Түстен кейін Қытай коммунистік партиясының делегациясы Назарбаев Университетінде жастармен кездесіп, «Нұр Отан» ХДП Астана филиалының жұмысымен танысады. Сондай-ақ, қытайлық делегация Алматыда Орталық мемлекеттік мұражайға барады, «Алатау» инновациялық технологиялар паркіндегі жұмыс барысын көреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!