Жұмысшылар қысқармайды, жалақылары төленеді

Фотография - Жұмысшылар қысқармайды, жалақылары төленеді

"Қазақмыс" компаниясының Жезқазғандағы мыс қорыту зауытының жұмысшылары бүгін өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевпен және компания басшысы Эдуард Огаймен кездесті.

131 0

"Қазақмыс" компаниясының Жезқазғандағы мыс қорыту зауытының жұмысшылары бүгін өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевпен және компания басшысы Эдуард Огаймен кездесті.

Зауыт жұмысшылары бұған дейін "Қазақмыс" компаниясы құрамындағы мыс қорыту зауыты жөндеу жұмыстарынан соң мүлдем жабылып қалуы мүмкін деп қауіптенген еді. Жұмысшылар бұған қоса уақытша жөндеу кезінде жұмыстан босауына да қарсылық танытқан. Олар осы мақсатта 6 шілдеде наразылық білдірмек болған.

Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Эдуард Огай "зауытты қайта құруда жұмысшылардың негізгі құрамының қысқармайтынын, компания жұмысшылардың жалақысын толық көлемде төлейтінін " айтқан.

Ал жұмысшылардың бірімен сөйлескен жергілікті азаматтық белсенді Берік Жағыпаровтың айтуынша, Сағынтаев зауыттың жөндеуге жабылатынын, бірақ жұмысшылардың жалақысы төленетінін айтқан. "Сағынтаев зауыттың мүлдем жабылуы мен жұмысшылардың қысқаруына қатысты алаңдаушылықтарға "Қазақмыс" басшылығының өзін кінәлаған. Министр "бастықтарың жұмысшыларға жөндеу жұмыстары туралы дұрыс түсіндірмеген" деп Огайдың өзін кінәлады" дейді Жағыпаров.

Жұмысшылар зауытты жөндеу жұмыстарына байланысты бұған дейін наразылық танытқан еді.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!