Мәжілісмендер Көкшетауда жұртшылықпен жүздесіп, бірқатар нысандарды аралады

Фотография - Мәжілісмендер Көкшетауда жұртшылықпен жүздесіп, бірқатар нысандарды аралады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанат Жарасов пен Ерсұлтан Бектұрғанов өңірлерге жасаған сапары шеңберінде Көкшетау қаласындағы «Тыныс» акционерлік қоғамының өндіріс цехтарын аралады. Сайлаушылармен кездесулерде депутаттар Мемлекет Басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына баса мән берді

253 0

«Тыныс» АҚ 1959 жылы құрылып авиациялық өнімдердің 45 түрін шығаратын кәсіпорын. Өндірілетін өнімдердің негізгі түрлеріне авиациялық техниканың қызметін қамтамасыз ететін (жылытқыштар,вентиляторлар, өрт сөндіргіштер) және авиациялық автоматика (реле, датчиктер, клапандар), азаматтық және әскери ұшақтар мен тікұшақтар үшін авиациялық өнімдер, полиэтилен құбырлар және фитингтер, өрт сөндіру құралдары, медициналық құралдар, монтаждық бекіткіштер жатады. Нысанды аралау барысында депутаттар полиэтилен құбырларын, бронежилет және өрт сөндіру құралдарын өндіретін цехтардың жұмысымен танысты.

Бұдан бөлек, зауытта депутаттар «Жас тыныс» жастар ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді.

Сонымен қатар халық қалаулары облыстық жол полициясы басқармасында болып, онда «Нұр Отан» ХДП жанынан құрылған жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша сараптамалық тобының отырысына қатысты. Отырыс шеңберінде жүргізушілер дайындайтын мектеп және көлікке техникалық қарау орталықтарының қызметі жайында да сөз болды.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!