Инновация аясында меморандум бекітті

Фотография - Инновация аясында меморандум бекітті

Бүгін Астанада «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорындарының бірі – «Қазтеміртранс» АҚ мен «Көліктік машинақұрылыс конструкторлық бюросы» ЖШС арасында бірлескен өндірістік қызметті жандандыруға бағытталған меморандум бекітілді. Ресми шараға «Қазтеміртранс» АҚ президенті Қанат Әлмағамбетов пен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов қол қойып, құжатты ресми түрде рәсімдеді.

202 0

- Өздеріңіз білетін боларсыздар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ табандығы 1520 мм. жүк вагондары үшін екі өсті тележкаларды инновациялық жобалар аясында өндіріске қою жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бұл ретте біздің ұсынып отырған өндіріс көлемі – жылына 10 мың тележка деп болжануда, - деп атап өтті жиын барысында сөз алған Қанат Есмұқанұлы.

- Ал «Қазақстандық вагонқұрылысы компаниясы» ЖШС болса, өз кезегінде машинақұрылыс саласындағы отандық кәсіпорындардың өзара ымыраластыққа шақырып жатудағы амал-әрекеттері оңды-ақ болып тұр, - деді Басқарма төрағасы Айдын Жеңісұлы.

Соның нәтижесінде, келешекте «Көліктік машинақұрылыс конструкторлық бюросы» ЖШС табандығы 1520 мм жүк вагондарының тележкаларын жасау және оны орнату жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуды қамтамасыз ететін болады. Ал аталған мекеменің еншісіне тиіп отырған уақыт мерзімі қазірше 25 айды құрап отырған көрінеді. Десек те, жоба аясында алдағы бес жылдықта өндіріске тапсырыс беру жоспарланып отырғандығын да ескерте кеткен жөн.

Жалпы, бүгінгі таңда жоғарыда аталған агенттік елдегі алпауыт компаниялармен 16 технологиялық келісімшарт түзгендігін атап өткен ләзім. Оның жалпы жылдық құны 81 млрд теңгені құраса, бөлшектік бірлік құрамы 55 574 бірлікке жетіп жығылады екен. Қазақстанның технологиялық келісімшарттары бағдарламасына белсенді қатысып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірқатар мәмілелер жасаған әріптес компаниялардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ҚК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС секілді өзге де ірі кәсіпорын, компаниялар бар.

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!