Қазақстан мен Ресей аусылға қарсы күресте бірлесіп жұмыс істемек

Фотография - Қазақстан мен Ресей аусылға қарсы күресте бірлесіп жұмыс істемек

Қазақстан мен Ресей аумағында аусыл ауруының таралуы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева мен Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметінің басшысы Сергей Данкверттің келіссөздеріне арқау болған мәселелердің біріне айналды.

235 0

Қазақстан мен Ресей аумағында аусыл ауруының таралуы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева мен Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметінің басшысы Сергей Данкверттің келіссөздеріне арқау болған мәселелердің біріне айналды.

«Гүлмира Исаева Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың атынан аусылды дер кезінде диагностикадан өткізуге, аталмыш кеселдің таралуын тыю мақсатында екпені дайындау және жеткізу жұмыстарына септескендері үшін РФ ауыл шаруашылығын қадағалау қызметіне ризашылығын білдірді».

Сергей Данкверт өз кезегінде қазақстандық тарапқа Ресейдің аумақтарында, оның ішінде Қарашай-Черкес Республикасында және онымен шекаралас Краснодар өлкесінде, Амур облыстарында аусыл ошақтарының пайда болуынан хабардар етті.

«Аусылға мониторингті Қазақстан аумағанында ғана емес, көршілес Орталық Азия елдерінде (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан) де өткізу мәселесі көтерілді».

Келіссөздер барысында сондай-ақ Ресей, Қазақстан және Беларусьта өнімді «алқаптан сауда сөресіне» дейін қадағалайтын, бірдей міндеттері мен тиісті қаржысы бар ветеринарлық құрылымдарды құрудың бірыңғай әдісін қалыптастыру қажеттігі сөз болды.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!