Астана мерекесіне қарсаңында елордадан Бурабайға және Павлодарға пойыздар қатынайды

Фотография - Астана мерекесіне қарсаңында елордадан Бурабайға және Павлодарға пойыздар қатынайды

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Астана күнін тойлау қарсаңында Астанадан қатынайтын бағыттардың ішінде үлкен сұранысқа иелеріне  жаңа теміржол  құрамын шығару  мәселесін шешті.

174 0

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Астана күнін тойлау қарсаңында Астанадан қатынайтын бағыттардың ішінде үлкен сұранысқа иелеріне  жаңа теміржол  құрамын шығару  мәселесін шешті.

Атап айтқанда,  5 шілдеде  Астана - Бурабай курорты бағытында жүрдек пойыз жолға шықпақ. ҚР Көлік  және коммуникация министрлігінің  Көлік және қатынас комитеті мамандары жаңа құрамның  жолаушыларға жайлы,  әрқайсысы 56 орындық 6 вагоннан құралғанын айтады. Пойыз аптасына үш рет: жұма, сенбі, жексенбі  күндері қатынайды. Жүру уақыты - 3 сағат 55 минут. Астана қаласының вокзалынан кешкі  сағат 21:10 минут өткенде  жүріп кетеді.

Сондай-ақ, 2013 жылғы 8 шілдеден бастап Астана - Павлодар бағытындағы жаңа құрам да жолға шығады. Бүгінгі күні аталған бағыт бойынша аптасына 4 рет: бейсенбі, жұмы, сенбі және жексенбі  күндері  қатынайтын пойыз бар. Ал, жаңа жүрдек жолаушылар құрамы күн сайын қатынайтын болады және  жолаушыларға барлық жағдай  жасалған 6 вагонмен жабдықталған.  Астана қаласының теміржол вокзалынан  сағат 18:40-та  жүріп кетеді, ал жолда  жүру уақыты 6 сағат 28 минутты құрайды.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!