«Нұр Отан» қатары жаңа мүшелермен толықты

Фотография - «Нұр Отан» қатары жаңа мүшелермен толықты

Бүгін елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында елорданың 15 жылдығына орай «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына жаңа мүшелерді салттанатты жағдайда қабылдау рәсімі өтті.

164 0

Бүгін елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында елорданың 15 жылдығына орай «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына жаңа мүшелерді салттанатты жағдайда қабылдау рәсімі өтті.

«Біз бүгін ұлтымыздың үлкен мерекесі қарсаңында сіздерді ресми, салтанатты түрде партияға мүшелікке қабылдап жатырмыз. Елбасы, партиямыздың төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Нұр Отан» партиясы - нағыз халықтың партиясы, нақты істер партиясы. Сол себепті Елбасының, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында партия халық арасында нәтижелі жұмыс істеуде. Біздің мүшелеріміз 900 мыңнан асты, жалпы ол халықтың 6 пайызын құрайды», - деді жаңа мүшелерге партиялық билетті табыстаған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Сонымен «Нұр Отан» партиясының қатарына «Жігіттер» тобының әншісі Ерсінбек Байжанов, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова, «Беларусь» мәдени орталығы» ҚБ төрайымы Любовь Богнат, ОҚО Отырар мемлекеттік археологиялық мұражайының директоры Ержан Есжан, «Арман-ПВ» баспасы жанындағы ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Айсұлу Қасымбек, «Махамбет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Ерлан Қуанышев, «Өзенмұнайгаз» жерасты ұңғымаларын жөндеу бойынша цех бастығы Кенжебек Мысаев, «Шахтерское» ЖШС директорының орынбасары Виталий Прокоп, БҚО-дан ауыл шаруашылығы кәсіпкері Бәтима Шынтасов өтті.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!