«Протон-М» зымыран-тасығышының апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фотография - «Протон-М» зымыран-тасығышының апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

«Байқоңыр» ғарыш айлағында орын алған «Протон-М» зымыран-тасығышының апатына байланысты қылмыстық іс (РФ ҚК 216 бабы, 1 бөлігі) қозғалып отыр

151 0

«Байқоңыр» ғарыш айлағында орын алған «Протон-М» зымыран-тасығышының апатына байланысты қылмыстық іс (РФ ҚК 216 бабы, 1 бөлігі) қозғалып отыр. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің (ТК) ресми өкілі Владимир Маркин мәлімдеді.

Бүгінде апаттың барлық себептері мен оған кінәлі тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекетінің кешені қолға алынды.

ТК өкілінің айтуынша, тергеушілер тиісті құжаттарды сараптап, зымыранның әзірлігі мен оның ұшырылымына жауапты тұлғалардан жауап алуда. Сондай-ақ, апаттың нақты себебін анықтау мақсатында сарамтамалардың кешенін тағайындау мәселесі шешілуде.

Еске сала кетейік, 2 шілде күні «Байқоңыр» ғарыш айлағында №81 алаңқайдан үш "Глонасс" серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде апат орын алды. Зымыран жерге құлдилап, жарылып кеткен.

Тергеудің мәліметтеріне сүйенсек, апат салдарынан «Жаһандық навигациялық жүйе» федералдық мақсатты бағдарламасы бойынша шығарылған үш "Глонасс" серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышы жойылған. Нәтижесінде мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!