Мюнхенде Қазақстан Республикасы Консулдығы ашылды

Фотография - Мюнхенде Қазақстан Республикасы Консулдығы ашылды

Бүгін Мюнхенде Қазақстан Республикасы Консулдығының салтанатты ашылуы өтті. Шараға жергілікті үкіметтің өкілдері, жетекші неміс қоғамдық-саяси және іскерлік топтары, олардың ішінде Бундестаг пен Баварияның Ландтаг депутаттары, ГФР СІМ, мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу орталықтар қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ журналистер қатысты.

240 0

Бүгін Мюнхенде Қазақстан Республикасы Консулдығының салтанатты ашылуы өтті. Шараға жергілікті үкіметтің өкілдері, жетекші неміс қоғамдық-саяси және іскерлік топтары, олардың ішінде Бундестаг пен Баварияның Ландтаг депутаттары, ГФР СІМ, мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу орталықтар қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ журналистер қатысты.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов өз баяндамасында: «ҚР Консулдығының Бавария астанасында ашылуы - қазақ-герман ынтымақтастығы тарихындағы ең маңызды оқиғаларының бірі, ал оның қызметі екіжақты ынтымақтастықтың толық кешенінің дамуы мен күшеюіне ықпалдасатын болады»,- деді.

Жергілікті Үкімет атынан Баварияның ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Мартин Ноймайер сөз сөйлеп, Қазақстанның Мюнхендегі Консулдығының ашылуын шын жүректен қошеметтеді. Оның пікірінше, бұл қадам Баварияның Қазақстанмен кең ауқымды кооперациясының, әсіресе экономика саласындағы дамуына күмәнсіз өзінің елеулі үлесін қосатын болады.

Бавария Үкіметінің Протокол қызметінің жетекшісі Аксель Бартельт жер басшылығының ең жылы лебіздерін білдіріп, Қазақстанның кәсіби консулдық мекемесінің ашылуын ҚР мен Бавария арасындағы өңіраралық ынтымақтастыққа үлкен серпін беретінін атап өтті.

Бавария Премьер-Министрі Кеңсесінің Халықаралық мәселелер және еуропалық интеграция бөлімінің меңгерушісі Бертольд Флиерл және Бавария Экономика министрлігінің Сыртқы экономикалық бөлімінің жетекшісі Ульрике Вольф екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екендігін атап өтіп, Бавария мен Қазақстан арасындағы бірқатар табысты жобалар мен жарқын мысалдарды келтірді.

Қазақ-герман қатынастарының одан арғы тереңдеуі мен кеңеюі аясында, сондай-ақ, елдің федералдық құрылымы салдарынан, Германия өңірлерімен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріледі. Мюнхендегі қазақстандық консулдық мекеме Қазақстанның Бавариядағы мүдделеріне бұдан да жоғары деңгейде өкілдік етіп, ынтымақтастықтың ғылыми, инновациялық, өнеркәсіптік және экономикалық әлеуетін толық көлемде іске асыратын болады.

Германия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының тең жартысы Баварияның еншісіне жатады. Бавар компанияларының Қазақстанмен ынтымақтасу туралы мақсаттары жергілікті үкіметтің белсенді қолдауына иеленіп отыр. Бавар тарапының екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен кеңейтуге ұйтқы болу жөніндегі нақты ниеттері бұған куә болып отыр.

Бавария Германияның серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады. Жердің тұрғындарының саны 12,5 млн. құрайды. Әрбір тұрғынға есептелінген ЖІӨ көлемі 35 мың евроға тең, бұл Германия мен Еуропадағы орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Жердің экспорт үлесі 51% құрады, бұл шығарылған өнімнің әлемдік нарықтардағы бәсекелестікке қабілеттілігінің жоғары дәрежесінің айғағы. Баварияда аттары әлемге әйгілі Allianz, Siemens, BMW, Audi, MAN, EADS, Eurocopter, Linde, Adidas, Puma сияқты герман кәсіпорындарының басты кеңселері мен өндірістік нысандары орналасқан. Сонымен бірге, жердің экономикалық әлеуетін өнеркәсіп, қолөнер өндірісі мен қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін көптеген шағын және орта кәсіпорындар қалыптастырады.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!