Т.Мұсабаев жаңадан құрылған «Ғарышты дамыту институты» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды

Фотография - Т.Мұсабаев жаңадан құрылған «Ғарышты дамыту институты» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды

Астана қалалық Әділет департаменті жаңа қоғамдық бірлестік - «Ғарышты дамыту институтын» тіркеді.

257 0

Астана қалалық Әділет департаменті жаңа қоғамдық бірлестік - «Ғарышты дамыту институтын» тіркеді.

Біздің агенттікке Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынаушысы, аталмыш ұйымды құрудың бастамашысы Айдын Айымбетов мәлім еткендей, «Ғарышты дамыту институты» (ҒДИ) жеке тұлғаларды ерікті түрде біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады. ҒДИ ҚБ-ның басты міндеті - Қазақстан Республикасында ғарыш саласын қалыптастыруда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қолғабыс ету.

Қоғамдық бірлестік мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен ҒДИ-дің құрметті президенті болып Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев сайланды.

ҒДИ ҚБ мүшелері ғарыштық, білім беру жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуды, ғарыш саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға, ғарыш қызметінің жетістіктерін насихаттауға, қоғамдық пікірді қалыптастыруға септесуді көздеп отыр.

«Ғарышты дамыту институты» сондай-ақ өзінің марапаттарын тағайындап, әзірлеуге ниетті.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!