Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын - Н. Назарбаев

Фотография - Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын - Н. Назарбаев

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру дәстүрлі рәсіміне қатысты

228 0

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру дәстүрлі рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар, осы салтанатты шара барысында Президент еліміздің жоғары әскери орындарының ең үздік түлектеріне офицер шендерін табыс етті.

«Қымбатты отандастар. Бүгінгі рәсім әсем астанамыздың ажарын ашып, нұрын шаша түсетін мерекелік шаралардың бастауы болып саналады. Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын. Азат аспанымызда алтын қыран қалықтаған мәңгілік еліміздің болашағы бекем болсын»,-деді Мемлекет басшысы.

«Ел шетіне жау келсе біздің батыр бабаларымыз осы байрақтың түбінен табылған. Елі есіл ерлерге туың жығылмасын деп бата берген. Біз бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің осы бата бойына дарыған ұрпақпыз. Егемендік алғаннан бері көк байрағымызды шарықтатып, еліміз тыныш, еңсеміз биік болып, өсіп-өркендеп келеміз. Шекарамызды бекемдеп, еліміздің қақ ортасына елордамызды тіктік»,-деп атап өтті Н. Назарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!