Пітір садақа республика бойынша 150 теңге болып бекітілді

Фотография - Пітір садақа республика бойынша 150 теңге болып бекітілді

Биылғы пітір садақа республика бойынша 150 теңгені құрап отыр.

325 0

Биылғы пітір садақа республика бойынша 150 теңгені құрап отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізген «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев мәлім етті.

Қалижан Заңқоевтың айтуынша, бүгінгі таңда еліміз бойынша пітір садақасының мөлшері ретке келтірілді. «Бұл бидайдың таза өнімі ұнмен шаққанда 150 теңгені құрап отыр. Шариғатта пітірді төрт түрлі өніммен беруге болатындығы айтылады. Бірақ, біз үнемі ел халқының жағдайын есепке ала отырып, бидайдың бағасымен есептеп отырмыз», - дейді бас имам. Дегенмен, оның айтуынша, өзі үшін жасалатындықтан пітір садақасын одан арттырып беруге болады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!