Астанада Елорда күнінде жауын жауады деп күтілуде

Фотография - Астанада Елорда күнінде жауын жауады деп күтілуде

"Елорда өңірінде 6 шілдеде мереке күні кей жерлерде аздап жауын жауып, келесі екі күн жауын-шашынсыз болады және  ауа температурасы көтеріледі ",-делінген хабарламада

166 0

Астанада Елорда күнінде қысқамерзімді  жауын жауады деп күтілуде деп хабарлайды Қазгидромет.


"Елорда өңірінде 6 шілдеде мереке күні кей жерлерде аздап жауын жауып, келесі екі күн жауын-шашынсыз болады және  ауа температурасы көтеріледі ",-делінген хабарламада.


Жалпы Қазақстан бойынша,  синоптиктердің мәліметінше, ауа райы жауынды шақыратын терең циклон  ықпалында болады,  18-25 м/с дейін жылдамдықпен жел тұрып, Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында күн салқындайды,  демалыс күндері бұндай ауа райы еліміздің шығысында да күтіледі.


"Республиканың солтүстік, батыс және оңтүстік облыстарында күн қоңыржай жылы және жауын-шашынсыз болады, батыс облыстарда күндізгі ауа  температурасы  +30…+38ºС дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында кей жерлерде қысқа мерзімді жауын жауып, күн күркірейді, таяу үш күнде екпінді жел тұрады»,- деп ақпараттандырады  Қазгидромет.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!