Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры

Фотография - Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры

 Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры.

175 0

 Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры.

Бұл пікірді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін баспасөзде жарық көрген «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» деген тақырыптағы мақаласында білдіреді.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазір Астана өзінің қонақтарын қала бет-бедерінің әсемдігімен және архитектуралық шешімдерінің батылдығымен, тұрғындарының жылышырайлылығымен және қонақжайлығымен таңғалдырады. Қаланың өзгергені соншалықты, оны кейде тіпті осында бір кездері тұрғандар немесе басқа дәуірде болғандар да танымай қалады.

«Кейде біздің елордамызды жаңа Қазақстанның беткі бейнесі деп те атайды. Мен мұнымен мүлдем келіспеймін. Біздің елордамызда жасанды ештеңе жоқ, өйткені, жаңа Қазақстан дегеніміздің өзі осы. Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры. Бұл - белгісіз, ыдыраған супердержаваның қиыр шетінде жатқан ешкім танымайтын республикадан бүгінде жаһандық қоғамдастықта бәрі білетін және құрметтейтін серпінді заманауи мемлекетке дейінгі Үлкен жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры», - деп жазады ҚР Президенті өз мақаласында.

 


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!