«Астана» саябағы ашылды

Фотография - «Астана» саябағы ашылды

Eнді Cолтүстік Қазақстан облысынан да Ақорда, Бәйтерек, Бейбітшілік пен келісім сарайын, Хан шатырды көруге болады.

1078 0

Eнді Cолтүстік Қазақстан облысынан да Ақорда, Бәйтерек, Бейбітшілік пен келісім сарайын, Хан шатырды көруге болады.


Осы өңірдегі Новоишим ауылында «Астана» саябағына елорданың негізгі ғимараттары орын тепкен. Бұл – ауыл тұрғындарының бас қалаға арналған тартуы. Ойын қуып жүрген ауыл балалары Астананың көрікті орындарын тамашалауда. Кей нысандар бойларымен бірдей келеді.

Алма МАҒЗҰМОВА, Новоишим ауылының тұрғыны:

- Бұл парктің біздің балаларға пайдасы зор. Өйткені біз кішкентай сәбилерімізді Астананың барлық әдемі ғимараттарымен таныстырамыз. Мұнда олар Бәйтеректі де, Ақорданы да, басқа да орындарын көріп, танысуда.

Саябақта елорданың 14 сәулеттік нысаны орын тапқан. Шағын Астананың құрылысына да миллиондаған қаржы құйылды. Кішірейтілген болса да, барлығы шынайы. Ақордада көк туымыз желбіреп тұр.

Марат ТАСМАҒАНБЕТОВ, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты қазақ елін толағай табыстарға жеткізді. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы бой көтеріп, бүгінде ел жетістігін паш етуде.

Астана – Eлбасының төл туындысы. Елорданың Алатаудың етегінен, Арқаның төсіне қоныс аударғанына биыл 15 жыл. Осы уақыт аралығында бас қала бейбітшіліктің бесігі, егемендіктің есігіне айналды.

Астана саябағының түнгі көрінісі керемет. Ана жерден Бәйтеректің кішірейтілген үлгісі бірден көзге түсіп тұр. Биіктігі – 7 метр. Бұл Бәйтерек те Есілдің бойында, өзеннің сол жағалауында орналасқан. Енді бұл жерде ауыл тұрғындары бос уақыттарында серуендей алады.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!